Ипотека: ЖТС төлеуден босату мүмкін бе?
Ипотека және ЖТС: қызметкердің құқықтары
Ипотекалық қарызы бар жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан сыйақылар бойынша салықтық шегерім түрінде жеңілдіктер беріледі. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстандағы кез келген банкте ипотекасы бар барлық қарыз алушыларға бұл құқық берілді (ҚР СК 351-бабы 1-тармағы).
ЖТС төлеуден босату мүмкіндігі
Қызметкердің жалақысынан ЖТС ұстамауға бола ма? ҚР Салық кодексіне сәйкес, қызметкер жалақысының сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарға тең бөлігі (яғни, несие бойынша пайыздарды өтеу сомасы) ЖТС-қа салынбайды. Яғни, ЖТС-тан босатылатын табыс тек банкке төленген сыйақы сомасына тең бөлігі ғана.
Растайтын құжаттар
ҚР СК 351-бабы 3-тармағында сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін қажетті құжаттар:
- ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты;
- сыйақы сомасы бөлініп көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;
- сыйақыны өтеуді растайтын құжат (төлем түбіртегі).
Сондай-ақ, шегерімді қолдану туралы қызметкердің өтініші қажет.
Төлемді растау
Ипотека бойынша ай сайынғы төлемді өтеу кезінде, қызметкер төлемді растаушы құжаттардың көшірмелерін (төлем кестесіне сәйкес) жұмыс берушінің бухгалтериясына ұсынуы тиіс.
Шегерімнің шектеулері
Салықтық шегерім тек сыйақы сомасына қатысты, негізгі қарызға қолданылмайды. ҚР СК 351-бабы 2-тармағына сәйкес, шегерім сомасына шектеу қойылған – 118 АЕК-тен аспауы керек.
Сыйақы сомасын лимиттен аспау үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесімен ай сайын салыстыру қажет.
Салықтық шегерімдер
ҚР СК 351-бабы 4-тармағына сәйкес, салықтық шегерімдер келесі күндердің ең кеші түскен салық кезеңінде қолданылады:
- өтеу кестесі бойынша сыйақыны төлеу күні;
- сыйақыны төлеу күні.
ЖТС есебі
2025 жылғы ЖТС есебі:
ЖТС = (Оклад – МЗЖ (10%) – 14 АЕК – МӘМС жарнасы – өтеу кестесі бойынша сыйақы) * 10% = ЖТС.
Мысал
2025 жылы қызметкердің айлық жалақысы 200 000 тг. Ипотекалық қарыз шарты мен өтеу кестесіне сәйкес, ол ай сайын 95 000 тг ипотека төлейді, оның ішінде сыйақы сомасы – 25 000 тг. ЖТС-ты есептейміз:
(200 000 – 20 000 МЗЖ – (143 932) – (200 0002% МӘМС) – 25 000) * 10% = (200 000 – 20 000 – 55 048 – 4 000 – 25 000) * 10% = 95 952 * 10% = 9 595 тг ЖТС.
Егер қызметкер сыйақы бойынша шегерімді пайдаланбаса және бухгалтерияға өтініш бермесе, ай сайын оның жалақысынан ұсталатын сома:
(200 000 – 20 000 МЗЖ – (143 932) – (200 0002% МӘМС)) * 10% = (200 000 – 20 000 – 55 048 – 4 000) * 10% = 120 952 * 10% = 12 095 тг ЖТС.
Осылайша, өтініш берген жағдайда, қызметкер ай сайын ЖТС-тан:
12 095 – 9 595 = 2 500 тг үнемдейді.
-
Видео покушения на Руслана Берденова: Суд Шымкента показывает доказательства14-08-2025, 16:00 1
-
Тень над городом: как один замысел мог затмить свет Шымкента7-08-2025, 20:57 2