2026 жылдан бастап әлеуметтік мәні бар ауруларға диагностика тегін жүргізіледі
Енді медициналық көмекке қолжетімділік жаңа деңгейге көтеріледі! 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әлеуметтік мәні бар ауруларға күдік туындаған жағдайда, диагностика тегін жүргізіледі. Бұл өзгеріс сақтандырылмаған азаматтарға да медициналық көмектің негізгі пакетіне қол жеткізу мүмкіндігін береді, ал МӘМС жүйесінде ауыр аурулармен күрес жаңа серпін алады.