Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Ташкентте өткен әлем Кубогында жекелей сайыс бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы жарыста Кирилл жартылай финалда өзбекстандық Камронбек Исмоиловпен кездесіп, 15:6 есебімен жеңіске жетті.
Финалдық кездесуде жеңіс
Ақтық сында Кирилл Проходов Қытайдың Тайпейінен келген Чэнь Бин-цзюньмен сынға түсті. Спортшымыз финалда 15:7 есебімен қарсыласын сенімді жеңіп, чемпион атанды.
Алдыңғы жетістіктер
Кирилл Проходов осы жазда 18 жасында Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Грузияда өткен әлем чемпионатында командалық жарыста тарихи қола медаль жеңіп алған болатын. Бұл жарыста ел намысын Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Алимжанов қорғады.