Қызылордада терроризмге қарсы семинар өтті
Қызылорда облыстық сотында өткен семинар-дәріс барысында ҚР ҰҚК ТҚО бөлімінің қызметкерлері "Террористік қауіп-қатерлер туындаған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі" тақырыбында ақпарат беріп, терроризмге қарсы күрестің қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Шара барысында қатысушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері таныстырылып, тәжірибе түрінде көрсетілді.