Абай облысында діни ғимараттардың қауіпсіздігіне қатысты шаралар мен заңнама талаптары талқыланды
Абай облысында діни ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар талқыланды. Жиынға меншік иелері мен жауапты тұлғалар қатысып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына тоқталды. Полиция капитаны Айбар Рахимов нысан басшыларының жауапкершілік аймақтарын атап өтіп, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібін түсіндірді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.