Сайрам және Түлкібас аудандарында экстремизмге қарсы шараларды күшейту мақсатында әдістемелік көмек көрсетілді
Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының жұмысшы тобы Сайрам және Түлкібас аудандарына іс-сапар ұйымдастырып, аудандық ТҚК-ға экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетті. Отырыстарда профилактикалық шаралар қаралып, төмен нәтиже көрсеткен ТҚК мүшелеріне көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Іс-сапар қорытындысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық шараларды белсендету қажеттігі атап көрсетілді.