Оқу іс-шарасы барысында террористік сипаттағы дағдарыстық жағдайларды оқшаулау мен залалсыздандыру іс-қимылдарына ерекше назар аударылды. Жедел әрекет ету кезеңдері, алғашқы тексеру, іздестіру және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды.
Антитеррорлық операциялар
Жаттығу кезінде қатысушылар антитеррорлық операциялардың кезең-кезеңімен алгоритмін зерттеді. Ведомствоаралық үйлестіру мен өзара іс-қимыл мәселелері талданып, ден қою жүйесін жетілдірудің бағыттары анықталды.
Практикалық дағдыларды нығайту
Оқу іс-шарасы қатысушылардың практикалық дағдыларын нығайтуға және тартылған күштердің міндеттерін орындауға дайындық деңгейін арттыруға ықпал етті. Жаттығудың нәтижелері бойынша, террористік қауіптерге қарсы әрекет ету тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін тәжірибелік білімдер алынды.






