Shim.kz » Новости Казахстана » Антитеррористический центр РК » Международный конкурс видеороликов «Студенттік қалқан» против экстремизма и терроризма прошел в Казахстане

Международный конкурс видеороликов «Студенттік қалқан» против экстремизма и терроризма прошел в Казахстане

25-11-2025, 02:17 6
31 қазан 2025 жылы Ақтөбе облысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы "Студенттік қалқан" бейнероликтер байқауы өтті. Жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Международный конкурс видеороликов «Студенттік қалқан» против экстремизма и терроризма прошел в Казахстане
Фото к новости: Международный конкурс видеороликов «Студенттік қалқан» против экстремизма и терроризма прошел в Казахстане

2025 жылғы 31 қазан күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің базасында Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған "Студенттік қалқан" атты бейнероликтер байқауы өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастар арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу, бейбіт өмір мен өзара түсіністікке шақыру, сондай-ақ қоғамдағы толеранттылық құндылықтарын насихаттау болып табылады. Байқауға университеттің түрлі мамандықтары мен мектептерінен құралған студенттік топтар қатысып, діни экстремизмнің теріс ықпалын бейнелейтін және жастарды саналы өмір сүруге үндейтін бейнероликтерін ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: ⦁ І орын – 204-топ, "Медицина мектебі" (сыйақы – 70 000 теңге); ⦁ ІІ орын – 105-топ, "Медико-профилактикалық іс" (сыйақы – 50 000 теңге); ⦁ ІІІ орын – 101-102-топ, "Стоматология мектебі" (сыйақы – 30 000 теңге); ⦁ Ынталандыру сыйлығы – 114-115-топ, "Стоматология мектебі". Іс-шара соңында жеңімпаз топтар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға белсенділігі мен шығармашылығы үшін алғыс хаттар табысталды. Мұндай іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, олардың рухани және патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді. Материал Ақтөбе облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.