Найроби: Қазақстан таеквондо құрамасының жеңісі
ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов отандық спортшылардың Кенияның Найроби қаласында өткен таеквондодан әлем чемпионатында екі алтын, бір қола медаль жеңіп алғанын атап өтті. "Бұл жеңіс жас спортшыларымызды жігерлендіріп, қазақ таеквондосының дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз", - деді министр. Оның айтуынша, Бейбарыс Қаблан мен Батырхан Төлеуғали ел абыройын асқақтатып, тарихта жаңа жетістіктерді тіркеді.